10.08.2018, 9:59
Қараулар: 2
ТАҢДАУШЫЛАР ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

ТАҢДАУШЫЛАР ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

9 тамыз күні Қазталов аудандық сайлау учаскесінде таңдаушылар Ақпәтер ауылдық округі әкімі лауазымы үміткерлеріне дауыс берді.
Дауыс беру рәсімі алдында таңдаушыларға аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Нұретдин Құтхожин дауыс беру тәртібін түсіндірді.
Дауыс беруге 8 таңдаушы қатысты.
Сайлау Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» №148 Заңының 36-1 бабына сәйкес өткізілді.
2018 жылдың 9 тамызда өткен Ақпәтер ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы туралы
Жалпы таңдаушылар саны 12, соның ішінде дауыс беруге қатысқандар — 8. әкімдікке үміткерлерге жақтап дауыс бергендері: Н.Булаевқа – 6, Т.Сүйінішқалиевке – 0, Қ.Хасановқа – 2.
Ақпәтер ауылдық округінің әкімі болып Нұрхат Сатыбалдыұлы Булаев сайланды, 1984 жылы туған, Жалпақтал атыраптық пошта байланыс бөлімшесінің басшысы, Жалпақтал ауылында тұрады.

Аудандық сайлау комиссиясы