10.08.2018, 9:56
Қараулар: 135
ФОМИН-ҚАЗТАЛОВ ШЕКАРА БЕКЕТТЕРІН АШУ ЕКІ ЕЛГЕ ДЕ ТИІМДІ БОЛМАҚ

ФОМИН-ҚАЗТАЛОВ ШЕКАРА БЕКЕТТЕРІН АШУ ЕКІ ЕЛГЕ ДЕ ТИІМДІ БОЛМАҚ

Бұл тақырыптағы әңгіме көршілес Ресей Федерациясы Саратов облысы Александров-Гай муниципальдық ауданының басшысы Сергей Федечкиннің Қазталов ауданына келген сапарында қозғалды.
8 тамыз күні Сергей Федечкин аудан орталығына келіп, аудан әкімі Абат Шыныбековпен арнайы кездесті. Кездесуде тарихы бір екі ауданның даму қарқыны туралы ортақ әңгіме қозғалды. Әсіресе Фомин-Қазталов шекаралық өткізу бекеттерінің толыққанды ашылу мүмкіндігі туралы кеңінен айтылды. Александров-Гай ауданының басшысы Сергей Анатолийұлы жақында Ресей Думасының төрағасы Вячеслав Володиннің алдында Фомин-Қазталов өткізу бекеті туралы мәселе көтергенін және бүгінгі таңда бұл мәселе Саратов облысының губернаторы Валерий Радаевтың тікелей бақылауына алынғанын айта келіп, — Фомин-Қазталов шекаралық өткізу бекетінің толыққанды іске қосылуы екі ауданға ғана емес екі елдің экономикасына қыруар пайда келтіреді,- деді. Ал бұл жағдайға байланысты Қазталов ауданының әкімі Абат Абайұлы да электр жарығын тартуға және жол жасауға тиісті құжаттар жасақталынып жатырғанын жеткізді.
Сонымен қатар кездесуде Сергей Федечкин Абат Абайұлына және Қазталов ауданының делегациясына 24 тамыз күні өтетін Александров-Гай ауданының 45 жылдығына арналған шақыртуды табыстады.
Кездесуден кейін Сергей Федечкин аудан орталығындағы «Рухани жаңғыру» залын, аудандық музейді аралап көріп, 100 орындық интернат пен жаңадан салынып жатырған саз мектебінде болды.

Қайрат ЖАҚЫП

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.