10.08.2018, 9:50
Қараулар: 97
МЕКТЕПКЕ ЖОЛ — 2018

МЕКТЕПКЕ ЖОЛ — 2018

8 тамыз күні «Нұр Отан» партиясының мәжіліс залында аудандық білім беру бөлімінің бастығы Нұрғали Дүйсековтың қатысуымен брифинг өтті.
— Жылдағы дәстүр бойынша ауданымызда 2018 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайы¬рым¬дылық акциясын «Менiң таңдауым – балаларға көмек көрсету!» ұранымен өткізіледі. Себебі белгілі , көп балалы, аз қамтылған және жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қатарынан қалмай, мектепке киімі бүтін, толық оқу құралдарымен көңілді қадам басуына жағдай жасау. Осы мақсатта әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы баллаларына қолдау көрсету және барлық мектеп жасындағы балаларды міндетті орта біліммен қамтамасыз ету үшін аудандық білім бөлімінің жалпыға бірдей білім беру айлығы мен «Мектепке жол» акциясын өткізу туралы 27 шілдедегі №147 бұйрығы және аудан әкімімен бекітілген іс-шаралар жоспары барлық білім беру ұйымдарына таратылып, жұмыстар басталып кетті, — деді аудандық білім беру бастығы.
Осы тұста аудандық білім беру басшысынан акция өту барысы сұраған болатынбыз. 69 балаға 95 мың 600 теңге көлемінде көмек беріліпті. Бұл әзірге бір апталық көрсеткіш. Әлбетте,балалардың қуанышы – қуаныштың төресі. Жағдайы төмен отбасылардың баллаларына көмектесіп, сауап алғанға не жетсін?! Десе де жақсылық қайтарымсыз болу керектігін есте сақтағанымыз абзалырақ деген ой түйдік брифингте.

«Ауыл айнасы» ақпарат

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.