10.08.2018, 9:45
Қараулар: 159
ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫ АШЫЛДЫ

ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫ АШЫЛДЫ

«Қуантсаң – балаларды қуант» деген ғой. Бала қиялы көкке самғайтыны белгілі. Әсіресе қазақ ертегілерін оқығанда сондағы кейіпкерлер әлемі балаларды өздеріне тартатыны сөзсіз. Оны бала болғанда өзімізде біліп өстік. Ал сол ертегідегі кейіпкерлер сахнада көрінсе, балалар үшін тіпті тамаша ғой. Соның орнын толтырғандай Қазталов аудандық мәдени-демалыс орталығы жанынан ашылған қуыршақ театры ашылды.
Аудан орталығында алғаш ашылған қуыршақ театрының прьмерасы Қошанкөл мәдениет үйінде «Үш торай» халық ертегісімен ашылды. Округ орталығының және «Алау» жазғы демалыс лагерінде демалып жатқан тынығушы жасөспірімдері театр қойған қойылымды көріп, жақсы әсерде болды. «Үш торай » халық ертегісін сахнаға дайындаған – қоюшы режиссері Балғаным Губашева. Ролдерде ойнаған Мерлан Нұролла, Таусих Тақаев, Оралхан Ерғалиев, Қайрат Абдулов балаларға осындай рухани сый жасады.

Гүлнұр ҚАЗБЕК

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.