9.08.2018, 17:18
Қараулар: 145
ҚОЙ ҰРЛАҒАНДАР ТҰТЫЛДЫ

ҚОЙ ҰРЛАҒАНДАР ТҰТЫЛДЫ

Енді басталған тамыз айының алтысына қараған түнінің тыныштығын «гастролер» келді де бұзып жіберді…
Басынан бастайық. Аудандық жергілікті полиция қызметінің орынбасары, полиция майоры Бисебай Төлепов біздерге жедел хабарлады..- Тамыздың 6-сы күніне қараған таңда Қазталов ауылдық округіне қарасты «Меңдәлі» қыстағынан иесі Бейімбет Жакуповтың мал қорасынан 3 бас қой жасырын ұрланды. Сөйтіп мал иесіне 69 мың теңге зиян келтірді. Осы ұрлыққа байланысты тергеуші Жарас Уәлиахметов, жедел уәкіл Исатай Захаров, криманалист Дәурен Есқалиев, учаскелік инспекторлар Нұркен Қалманов, Ернар Хамитов бастаған жедел тергеу тобы іске кірісті. Ізін суытпай ұры ұсталды. Ол – Орал қаласының тұрғыны, 1972 жылы дүниеге келген Фарид Ғұмарұлы Зайниев екен. Сонымен қоса бұның Қазталов ауылында екі сыбайласы да құрықталды. Қазіргі күнде ҚРҚК-ның 188 бабы, 2 бөлімі бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде, — деді.
Тәртіп сақшылары мал ұрлығының алдын алуда жеделділік көрсетті. Себебі, ауылдық жердегі қылмыстың көбі мал ұрлығына қатысты ғой. Әсіресе жақындап келе жатырған күз айында мал ұрлығы фактілері көп кездеседі. Бұдан бұрын да мал ұрлығына қатысты қылмыстардың астарына үңіліп қарасақ, көбінесе сыбайластар ауылдан шығатындары байқалады. Өмір көрсетіп отырғандай осындай келеңсіздіктерге ауылдағы ағайындардың өздері қолдаушы болатыны көңілге кірбің ұялатады…

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.