9.08.2018, 17:06
Қараулар: 38
ҚИМЫЛЫ «ОЙХОЙ,ЖИЫРМА БЕСТІ» ОРТА ЖОЛДА ҚАЛДЫРАДЫ

ҚИМЫЛЫ «ОЙХОЙ,ЖИЫРМА БЕСТІ» ОРТА ЖОЛДА ҚАЛДЫРАДЫ

Мына қолына шалғы орақ ұстап, сайдан, қырдан, ордан қолындағы малына шөп дайындап жатқан жасы 73-ке «аттап» бара жатқан Темірболат Нұғманов ағамыз. Қолындағы шалғы орақпен шөпті орғанда қимылы «Ойхой,жиырма бес!» деп айқайлап жүргендерді орта жолда қалдырады. Ал шындығы керек «жиырма бестер» көшеде сыраның шөлмегінен құралған «қызметтерін» жасап жүргендерін көзіміз көріп жүр… — Мен баяғыдан қол орақпен шөп шауып жүрмін. Денсаулыққа да пайдалы. Бүгінгі күнде екі тоннаға жуық шөп дайындадым. Ал бір қызық айтайын, жолдастарым Талап Мұқанов пен Хамит Дәулетов,- Тәке, бұзауға шөп керек еді, -дегесін оларға да шөп шауып бердім,-деді.
Міне, еңбек! Үйіміздің ауласындағы өсіп кеткен алабота Сібірдің ну орманын да артқа тастағанын ескерсек, осындай шаршамайтын ағалардан үлгі алатын нәрсе көп-ау...

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ