9.08.2018, 16:58
Қараулар: 111
ОРТАЛЫҚҚА СЫЙ ЖАСАДЫ

ОРТАЛЫҚҚА СЫЙ ЖАСАДЫ

Өткен 12 сәуір күні ашылған «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің ашылу салтанатына «Атымтай» кәсіпкерлеріміз құр қол келмегенін жазған болатынбыз. Жобалық кеңседегі «Рухани жаңғыру» залы қай жағынан да келушілерге үлкен ой салып, рухани азық алары сөзсіз. Соны түсіне білген кәсіпкерлер Нұрлыбай Жолдыбаев пен Мереке, Лиза Қайбушевтер «Рухани жаңғыру» залына өздерінің демеушілік жасайтындарын айтқан болатын.
Міне, кәсіпкерлеріміз уәделеріне тұрып, Нұрлыбай Жолдыбаев ноутбукты сыйға тартса, Мереке, Лиза Қайбушевтер теледидар мен бөлме салқындатқышын сыйға тартты. Сөйтіп, «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің шығармашылықпен қызмет жасауларына кәсіпкерлер өзіндік үлесін қосты. Осындай аудандағы игі істерге үлес қосып келе жатырған «Атымтай» кәсіпкерлерге ел риза.

Гүлнұр ҚАЗБЕК

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.