6.08.2018, 10:44
Қараулар: 93
«ТУҒАН ЖЕР — ТҰНҒАН ТАРИХ»

«ТУҒАН ЖЕР — ТҰНҒАН ТАРИХ»

4 тамыз күні аудан орталығындағы «Достық» саябағында Астананың 20 жылдығы аясында және ауданымыздың 90 жылдығына орай «Туған жер — тұнған тарих» атты өнер фестивалі өз жалғасын тауып, Қайыңды ауылының көркемөнерпаздары концерттік бағдарламаларын ұсынды.
Саябаққа демалуға келген тұрғындардың назарына ұсынылған концертте қайыңдылық әжелер ансамблі ән шырқап, өздерінің қолөнер бұйымдарын да көрмеге ұсынды. Әдемі ұйымдастырылған концерттік бағдарламада туған ел, Астана тақырыптарында әндер шырқалып, мың бұралған билерде биленді. Әсіресе Қайыңдының биші қыздары туған дала төсіндегі қызғалдақтардай құлпырып, сахнаның сәнін келтірді.
Концерт соңында Қайыңды ауылдық округінің әкімі Болат Төлеушев қазталовтықтарға жылы лебізін арнаса, Қазталов ауылдық округінің әкімі Жүсіп Шакуов ауылдастар атынан Қайыңды ауылының делегациясына алғыс хат табыстады.

Қайрат ЖАҚЫП