6.08.2018, 10:40
Қараулар: 221
КӨКТЕРЕКТІКТЕР ТАМАША КЕШ СЫЙЛАДЫ

КӨКТЕРЕКТІКТЕР ТАМАША КЕШ СЫЙЛАДЫ

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Көктерек ауылында «Жерлестер форумы», «Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығы», Астананың 20 жылдығына түрлі мәдени іс-шаралар өткізілді. Сол шаралардың жалғасы ретінде Жалпақтал ауылының демалыс саябағында Астана қаласының 20 жылдығы жəне ауданымыздың құрылғанына 90 жыл толуына орай «Туған жерім – тұнған тарих» атты өнер фестивалі аясында 4 тамыз күні Көктерек ауылдық округі концерттік бағдарламаларын ұсынды. Концертте сөз алған Көктерек ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Бейбіт Батуллин барша ауылдастарды айтулы мерекемен құттықтады.
Саябаққа жиналған көпшіліктің алдында Көктерек ауылдық округінің көркемөнерпаздары өз өнерлерін ортаға салды. Концерт барысында туған жерлеріне арналған жерлес ақын, сазгерлердің «Киелі — Көктерегім», «Көктерегім» әндері орындалды.
Көктеректіктердің концерттік бағдарламасын тамашалаған жалпақталдық көрермен күмбірлеген күй мен қобыздың үні, әсем əндер, мың бұралып би билеген өнерпаздар көрермендер қошеметіне бөленіп, шапалақтарын аямады.
Сахна төріне көтерілген Жалпақтал ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Меңдіхан Халимуллин ауыл тұрғындары атынан Көктерек ауылдық округінің көркемөнерпаздарына алғыс білдіріп, алғысхат табыстады.

«Ауыл айнасы» ақпарат

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.