6.08.2018, 10:38
Қараулар: 110
«БІРЫҢҒАЙ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕДИАЦИЯ КҮНІ»

«БІРЫҢҒАЙ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕДИАЦИЯ КҮНІ»

3 тамыз күні аудан орталығында аудан әкімі Абат Шыныбековтың төрағалық етуімен «Бірыңғай республикалық медиация күні» қарсаңында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы Ұмсын Мұқанғалиева, ішкі істер бөлімінің инспекторлары, кәсіби және қоғамдық медиаторлар, округ әкімдері, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелге жиналғандарды аудан әкімі Абат Абайұлы кәсіби меркемен құттықтап, медиация халықтық институтының сотқа дейін дауларды шешудегі маңызды роліне тоқталып өтті. Сонымен қатар сөз алған аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы Ұмсын Сүйінғалиқызы 2011 жылдан бері қызметін бастаған медиация саласы мен кәсіби және кәсіби емес медиаторлардың жұмыстары туралы түсінік бере келіп, Қазталов ауданындағы медиаторлардың тікелей қатысуымен шешілген біраз істерге тоқталып өтті.
Дөңгелек үстелге қатысушылар медиация қызметіне байланысты өз пікірлерін білдіріп, дауларды шешу жолындағы тәжірибелерімен де бөлісті. Сондай-ақ медиация қызметіне байланысты туындайтын сұрақтарын ортаға салып, жауаптарын алды. Айта кетуіміз керек, ауданымыздың барлық округтерінде кәсіби емес медиаторлар қызмет жасауда, ал аудан орталығында кәсіби медиатор қызметін Марат Тоясов ұсынады.
Мереке қарсаңында өткізіліп отырған дөңгелек үстелде аудан басшысы медиаторларға куәліктер мен алғыс хаттар табыстады.

Қайрат ЖАҚЫП

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар