6.08.2018, 10:34
Қараулар: 53
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МӘЖІЛІСІНДЕ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МӘЖІЛІСІНДЕ

3 тамыз күні аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Сисенғали Неғметовтың төрағалық етуімен қоғамдық кеңестің кезекті мәжілісі өтті. Кеңесте аудандағы пробация есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналасу жәйі және көше атауын өзгерту туралы мәселелер қаралды. Бұл мәселелер бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Мирлан Құсайынов, Қазталов ауылдық округінің бас маманы Әзілхан Зарипов хабарламалар жасады. Жалпы ауданымызда пробация есебінде 67 адам бар. Қазіргі уақытта 16 адам жұмыс іздеуші ретінде жолықса, 2 ақылы қоғамдық жұмысқа, 1 тұрақты жұмысқа, 3 уақытша жұмысқа орналасқан, ал 4 адам қысқа мерзімді курсқа жолданыпты. Сонымен қатар 2 адам атаулы әлеуметтік көмек алады. Аудандық ішкі істер бөлімі бас бостандығынан айырылған адамдар туралы уақыттылы ақпарат беріп отырса, аудандық жұмыс қамту бөлімі бұл жұмыстарды жалғастыра беретін болады.
Аудан орталығындағы жаңадан бой түзеген көшелерге Хиуаз Доспанованың және Бейбарыс сұлтанның есімін беру туралы ұсыныс та мақұлданып, арнайы шешімдер қабылданды.

«Ауыл айнасы» ақпарат

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар