6.08.2018, 10:30
Қараулар: 3
АТАУЛЫ КӨМЕК – МАСЫЛДЫҚТЫ КӨБЕЙТУ ҮШІН БЕРІЛІП ТҰРҒАН ЖОҚ

АТАУЛЫ КӨМЕК – МАСЫЛДЫҚТЫ КӨБЕЙТУ ҮШІН БЕРІЛІП ТҰРҒАН ЖОҚ

3 тамыз күні аудан әкімі Абат Шыныбеков ауылдық округі әкімдерімен, мекеме, ұйым жетекшілерімен мәжіліс өткізді. Мәжілісте аудандық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының ауданда орындалу барысы туралы хабарлама жасады.
Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына округтерде жаңа форматтағы шартты атаулы әлеуметтік көмек бойынша 265 отбасыларымен 450 әлеуметтік келісім шарт жасалса, тұрақты және уақытша жұмысқа 44 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 21 адам, қысқа мерзімді оқуға 11 адам, қоғамдық жұмысқа 78 адам, жастар практикасына 8 адам барлығы 162 адамды қамтылып отыр. Бұл көрсеткіш әлеуметтік келісім шарттың 37,4 пайызын құрап отыр. Осы тұста айта кеткен жөн Болашақ және Қараоба ауылдық округтері ең төменгі көрсеткішті көрсетсе, жұмысқа орналыстыру пайызы бойынша Қараөзен және Тереңкөл мен Талдықұдық ауылдық округтері жоғары көрсеткішті көрсетіп тұр. Алайда мемлекеттік бағдарламаның басты мақсаты масылдықты азайту болып отырған кезде түрлі айла-амалдар арқылы атаулы әлеуметтік көмекті алу мемлекеттің қаржысын тиімсіз жұмсауға әкелері сөзсіз.«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі аудандық комиссия ауылдық округтерде құрылған комиссиялардың жұмысын зерделегенде атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың талаптарына сай келмейтін фактілер анықталды.
Сондықтан округтерде құрылған комиссиялар тұрғындардың көмек алуға берген өтініштерін қараған кезде бағдарламада көрсетілген тиісті талаптарға сәйкес болуын талап етулері қажет. Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі Абат Абайұлы қаралған мәселе бойынша жіберіліп отырған кемшіліктерді түзетуді тиісті салалық мекемелерге және округ әкімдеріне жүктеді.

Гүлнұр ҚАЗБЕК

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар