6.08.2018, 10:18
Қараулар: 1
МАРАФОН СЫРЫМ ЕЛІНЕ ТАБЫСТАЛДЫ

МАРАФОН СЫРЫМ ЕЛІНЕ ТАБЫСТАЛДЫ

Елбасының 2018 жылдың 10-қаңтарында жариялаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауынның «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» аталатын 9-міндетін орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі 2018 жылға арналған кешенді жоспар белгілеген болатын.
Осыған сәйкес 11 шілде күні эстафетаны Жәнібек ауданынан біздің ауданымыз қабылдап алған болатын.Мекеме, ұйымдар, округтер арасында өз дәрежесін өткен марафон кеше 2 тамыз күні Сырым ауданына салтанатты түрде табысталды.
-Сыбайлас жемқорлық – тәуелсіздіктің дамуын тежейтін ауыр дерт. Мемлекет парақорлықпен күрестің озық шараларын қабылдады. Бірақ, жемқорлықпен күрестің негізгі бағыты пара алған я болмаса пара берген адаммен күресу емес, ең әуелі қоғамдық сананы өзгерту. Марафон аясында, Қазталов ауданындағы барлық ауылдық округте мемлекеттік қызметті тұтынудың электронды бұрыштары ашылды. Бұл мемлекеттік қызметтің ашықтығы үшін керек. Марафон Сырым ауданы үшін де өте нәтижелі болады деп ойлаймын, — деді Қазталов ауданының әкімі Абат Шыныбеков. Марафонды қазталовтық делегаттан Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев қабылдады. «Адал жол – честный путь» жобасы аясындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоншыларды қарсылау мақсатында Сырым ауданының белсенді жастары Шолақаңқаты ауылдық округіндегі Сырым батырдың кесенесінен бастап, Сырым ауданының орталығындағы басты көшелері арқылы автокеруен ұйымдастырды.
Түске дейін барған делегат құрамы (қоғамдық ұйым өкілдері,кәсіпкерлер мен депутаттар) аудандық музей мен саябақтарда болды. Бұдан бөлек, Қазталов ауданынан арнайы келген кәсіпкерлер тәжірибе алмасу мақсатында Жымпитыдағы кәсіпкерлік нысандарының жұмыстарымен танысты.

«Ауыл айнасы» ақпарат

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар