6.08.2018, 10:15
Қараулар: 31
МЕДИАЦИЯ КҮНІНЕ АРНАЛДЫ

МЕДИАЦИЯ КҮНІНЕ АРНАЛДЫ

2 тамыз күні «Нұр Отан» партиясының мәжіліс залында медация күні қарсаңында «Бірыңғай республикалық медиация күнін» өткізуге арналған жиын өтті. Жиынға қатысушылар алдында медиатор Марат Тоясов, — Медиация қоғамыздағы жаңа көрініс, дауды шешудің жаңа әдісі екенін айта келіп, дау-дамай, талас,азаматтық және еңбек, отбасылық басқа да құқықтық қарым-қатынасты жеңіл және орташа қылмыстық іс бойынша сот ісі кезінде медацияның шараларын пайдалануға болатындығы туралы айтып өтті.
Қазіргі күнде кәмелетке толмағандар және әйел адамдармен жасалатын ұсақ ұрлықтармен, алаяқтық қылмыстар көптеп кездесуде. Оларды қылмыстық жауапқа тартып, темір тордың артына жіберу қоғам үшін пайда әкелмейтіні анық. Сондықтан медация келтірілген зиянды өтей отырып, тараптарды бітімге келтіруде біздің ата-бабамыздың тәжірибесін өмірге қайта әкеліп отыр деп түсінуіміз қажет. Осыны ескере отырып, медиация қызметі ауданымызда да кең өріс алып келеді. Соның айғағындай ауданымызда кәсіби медиатор болып Марат Харесұлы Тоясов жұмыс жасауда. Егер медиатор қызметіне жүгінуге тура келсе кеңсесі Қазталов ауылы, Алма Оразбаева көшесі, №19 «Бизнес бастау»орталығының 24 бөлмеге келулеріңізге болады.

Гүлнұр ҚАЗБЕК

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар