6.08.2018, 10:10
Қараулар: 102
ШАБЫНДЫҚТАРДЫ АРАЛАП, ЖАҒДАЙМЕН ТАНЫСТЫ

ШАБЫНДЫҚТАРДЫ АРАЛАП, ЖАҒДАЙМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгінгі күнде ауылдағы барлық күш мал азығын дайындауға жұмсалып жатырғаны белгілі. Еңкейген кәріден, жасөспірім балаға дейін қолдарындағы малға табиғи жем-шөп әзірлеу үшін таңертеңнен қара кешке дейін тырбанып еңбектенуде. Әрине, дұрыс. «Кәрі құда» жаз айындағы найқалып жүргенді ұнатпайтыны белгілі. Ауданымызда осы жауапты іске жан-жақты жұмылдыру күштері жүргізіліп, қолдан келгеннің бәрі де жасалуда. Атқарушы орган мал азығын дайындаудың жағдайын күн сайын бақылауда ұстап отыр. 31 шілде күні аудан әкімі Абат Шыныбеков Қазталов және Бірік ауылдық округтерінің шабындық жерлерін аралап, шаруа қожалықтарымен кездесті. Бұл округтердің Қапай, Қоныс және Ворошилов су қақпасы жанындағы көлдіктерден дайындалып жатқан табиғи шөптің шығымы жаман емес. Округтің шаруа қожалықтары да барынша аянбай жұмыстанып жатыр. Аудан әкімі шөп дайындап жатқан шаруа адамдарымен әңгіме барысында бар мүмкіндікті пайдалану қажеттігін және артығын ауыл тұрғындарына сатуды ұйымдастыру мәселесіне тоқталды. Сонымен қатар күн сайын құбылып тұрған ауа-райында өрттен де сақ болу керектігін ескертті.

«Ауыл айнасы» ақпарат

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.