6.08.2018, 10:09
Қараулар: 30
АҚ ХАЛАТТЫЛАР ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ

АҚ ХАЛАТТЫЛАР ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ

Ақпан айында басталған «Адал жол — Честный путь» республикалық марафоны жалғасуда. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және парақорлыққа төзбеушілік принциптерін қалыптастыруға бағытталған шара Қазталов аудандық орталық ауруханада жалғасын тапты.
Ақ халаттылармен өткізілген шарада Елбасының 2018 жылдың 10-қаңтарында жариялаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауынның «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» аталатын 9-міндетін орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі 2018 жылға арналған кешенді жоспардың орындалуы туралы хабарлама жасалды.
Шара барысында жемқорлық, оның алдын алу мен болдырмау, салдары және жемқорлықтың шығу негіздері жайлы түсініктер беріліп, ой пікірлер айтылды. Сонымен бірге біздің елімізде жемқорлыққа қарсы күрес негіздері талқыға салынды.

«Ауыл айнасы» ақпарат

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар