6.08.2018, 10:05
Қараулар: 117
ҚАРАӨЗЕНДЕ ШӨП ШАБУ ҚАРҚЫНДЫ

ҚАРАӨЗЕНДЕ ШӨП ШАБУ ҚАРҚЫНДЫ

Қараөзен ауылдық округінен келіп жеткен мына мәліметтерге көз жіберсек, округ бойынша мал азығын дайындауға шаруа қожалықтарынан 23 трактор шөп шабу науқанына қатысып, 12128 га жер шабылса, 10915,2 тонна шөп жиналуда. Ал бұл науқанға жеке тұрғындардың 7 тракторы қатысып, 3486 га жер шабылған. Шабылған жерден 3137,4 тонна өнім алынды.
Жоспар бойынша орындалуы тиіс 29000 тонна болса, қазіргі таңда оның 14052,6 тоннасы орындалып, 48 пайызды құрап отыр. Шөптің шығымдылығы әр гектардан 9 центнер.