6.08.2018, 10:01
Қараулар: 2
«МЕНІҢ ЖҮРЕГІМ – ТАЛДЫҚҰДЫҚ» КОМПОЗИЦИЯСЫ

«МЕНІҢ ЖҮРЕГІМ – ТАЛДЫҚҰДЫҚ» КОМПОЗИЦИЯСЫ

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында 2003 жылғы мектеп бітірген түлектер игі бастама көтеріп, туған ауылдарына «Менің жүрегім – Талдықұдық» композициясын тарту етті.
26 шілде күні Талдықұдық ауылының тұрғындары, әкімшілік аппараты, мәдениет үйінің қызметкерлерінің қатысуымен және жастар ресурстық орталығының кеңесші маманы Айдос Ержанұлының ұйымдастыруымен «Менің жүрегім – Талдықұдық» композициясының ашылуы өтті. Ашылу салтанатында ауыл зейнеткерлері Ермек Анисұлы, Мұхамбет Жақияұлы құттықтау сөз сөйлеп, 1986 жылғы ауыл азаматтарына үлкен алғыстарын білдірді. Лента қию рәсімі С.Есетов атындағы орта мектептің ардагер ұстазы Марат Мұрадымұлы мен зейнеткер Гүлжиян Есмағұлқызына ұсынылды. Ашылу салтанаты ауыл жастарының тамаша ән — күйлерімен жалғасын тапты. Сонымен қатар, 1986 жылғы ауыл жастарының ұйымдастыруымен ауыл жастарының арасында шағын футболдан жарыс оздырылды.
Туған елін, жерін көркейтуге үлес қосқан 2003 жылғы мектеп түлектеріне ауыл атынан шексіз алғыс білдіреді.

«Ауыл айнасы» ақпарат