6.08.2018, 10:00
Қараулар: 112
КӨШЕ ТОЛҒАН МАЛҒА КІМ КІНӘЛІ?

КӨШЕ ТОЛҒАН МАЛҒА КІМ КІНӘЛІ?

Ауданымызда құқық бұзушылықты алдын алу және «Мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру үшін үлкен істер атқарылып жатыр. Дұрысын айтайық, ауданымыздың тәртіп сақшылары бұл мәселе төңірегінде біраз жұмыстануда. Осы мәселеге орай арнайы комиссияда да және кешегі өткен қоғамдық ұйымдардың басын қосқан брифингте де көптеген ұсыныстар айтылды. Соның бірі БАҚ өкілдерімен, қоғамдық ұйымдармен бірлесе рейдтер жасау мәселесі көтерілген еді. Осыған орай 30 шілде күні кешкі сағат 21-00 – 00-00 аралығында арнайы рейд ұйымдастырылды.
КӨШЕ ТОЛҒАН МАЛ
Аудан орталығы жасарып, көркейіп келе жатыр. Көшелер асфалтталған, жасыл желек жайқалып тұр. Балалар ойын алаңдарында асыр салып, ойнауда. Жастар көшеде серуендеп жүр. Бірақ ауыл тұрғындарының жауапкерсіздігінен және айналасын сыйламағандықтан малдары ,соның ішінде ірі қаралар көшеде, қоғамдық орындардың айналасында жүр. Осыған орай ҚР ƏҚБтК 505 бабына сәйкес елді мекендердің жасыл екпелер, абаттандыру бойынша «Мүлдем төзбеушілік» қағидасына сай өрістен келген малды уақытылы қамамаған үшін иесіз жүрген малдар арнайы орынға қамау шарасы алынды. Осы малдардың көшеде бейсауыт жүруіне негізінен қожайыны кінәлі екенін естен шығармайық.
ЕСКЕРТУ ЖАСАЛДЫ
Рейд барысында қоғамдық орындарда тәртіп бұзып жүргендер көп болмағанымен де, ішімдік ішкен бірен-сараң ауыл тұрғындары да кездесті. Учаскелік полиция өкілі тарапынан тәртіп бұзғанға ескерту жасалды.
РЕЙД ЖАЛҒАСЫН ТАБАТЫН БОЛАДЫ

«Ауыл айнасы» ақпарат

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.