6.08.2018, 9:56
Қараулар: 45
ҚИСЫННАН АЛЫП ШЫҒАР ҚАЖЫРЛЫ ЕҢБЕК

ҚИСЫННАН АЛЫП ШЫҒАР ҚАЖЫРЛЫ ЕҢБЕК

Адамзаттың жер бетінде қаншалықты өмір сүріп қандай сыйға еге болуы дұрыс еңбек ете білудің жемісі болмақ. Бейнет етсең ғана зейнетке жетесің. Еңбек ету арқылы адам баласы рухани және материалдық кемелдікке қол жеткізеді. Олай дейтін себебіміз, бейнетті еңбектің бүгінгі жемсін көріп отырған, заманның ағымыменмен біте қайнасқан еңбекқор Бермағамбетовтердің әулетін білмейтіндер кемде-кем.
Есепші Бәйіш пен қарапайым үй шаруасындағы Жамиғаның бауырынан өрбіген ұл-қыздардың ішінде Махамбет ағаның өмірге деген көзқарасы бөлек болса керек, жастайынан еңбекті өмірінің басты қағидасы деп түсінді. Сол кездегі тұрмыстың қиындығын жеңуді мақсат еткен ол бауырлары мен ата-анасына көмектесіп, еңбек майданына ерте араласты. Бала күнінен техникаға жақын болатын. Мектеп қабырғасында жүріп, өзіннің өнертапқыштығымен ауылдастарын талай таң қалдырып жүрді.
Оның қолынан шыққан дүниелер сол кездегі техникалардың ішінен ерекшеленетін.
Кеңес үкіметі тараған кезден-ақ болашағын болжай білген Махамбет ағамыз «Қайнар» кәсіпорынын құрып, кәсіптің қайнар көзін ашты. Кәсіпорынның бұлай аталуы да тегін емес еді. Маңдай тері тамшылап жүріп, жайлауларды аралап, құдық аршу немесе жаңадан қазудан басталған кәсіп, халыққа қажетті қайнар бұлақтың көзін ашқанымен бірдей еді. Сол кезде де Махамбет ағаның конструкторлық қабілеті іске асты. Өзі жасап шығарған «құдық қазатын машинасы» әлі күнге ауладағы техникалардың қатарында сапта тұр.
«Қайнардың» тағы бір дөңгелеткен кәсібі – диханшылық. Күні бүгінге дейін аудан аумағынан егін егіп, бақша салды. Өз өнімін далаға сатпай, астықты тартатын диірмен де салған болатын. Қиын жылдары халықтың басты тағамы нанды да пісіріп, ауылдастарының алғысына бөленді. Ауылдастардың есінде шығар, жары Талшын апамыз да бақша салған жылдары 1000-1500 дана банка жауып, қысқа қажетті ащысы мен тәттісін дайындаған кез де болған еді. Міне, бүгінде «Махамбеттің құдығы», «Махамбеттің диірмені» аталып кеткен ұғымдарды халық жадынан шығарған емес.
Махамбет аға ауылдастарының арасында саятшылық, аңшылық өнеріміне де танымал екенін айта кеткеніміз дұрыс. Аңшылық туралы сөз қозғалғанда Махамбет аға,- Шын мәнінде мылтық ұстағанның бәрі аңшы, суға қармақ салғанның бәрі балықшы емес. Кез келген мықты аңшы түз тағысын соңынан жүйрік көлікпен қуып жетіп немесе үстінен тікұшақпен төніп келіп, оп-оңай ата салуды кәсіби аңшылыққа жатқызбайды. Олай аңның обалына қалуға болмайды ғой. Жасына, жынысына қарамай жайрата беруге үзілді-кесілді қарсымын,- дейді.
Махамбет ағамыз жары Талшын екеуі 4 ұл, 1 қыз тәрбиелеп өсірді, өсіріп қана қоймай олардың да еңбекке арласуына жол сілтеді. Ұлдары Талап, Жұмат, Тарғындар жас күндерінен әкесінің қасында жүріп еңбек етіп жүрсе, қызы Әлия мен кенже ұлдары Жүсіп Орал қаласында тұрып жатыр.
«Адамның ең асыл қасиеті – жақсылық» демекші Махамбет ағамыздың әулеті қайырымдылық жасудан да кенде қалып көрген жоқ. Әр уақытта қариялар мен аз қамтылған отбасыларға қол ұшын беріп келеді. Талай жанның алғысы мен батасын алғандықтан да шығар еңбекқор әулеттің тамыры кеңге жәйіліп, жапырақтары жайқалуда. Бүгінгі тынымсыз тірлікке немере-жиендері араласып, әулеттің тынысын кеңейтіп жатыр.
Бүгінгі таңда «Қайнар» шаруа қожалығы болып қайта құрылған кәсіпорыны атакәсіпке бой ұрып, мал өсіруді қолға алып алған. Шәути дала қосы мен Жұмағұл қыстақтарында 20 үстінде жылқы, 200 бас ірі қара мен 1000 бастың үстінде қой-ешкі өсіріп отырған шаруашылықтың бүгінгі қадамы ширақ. Ауыл шаруашылығына қажетті технканы шырқ айналдырған ұлдары мен немерелері күндіз-түні тынбай еңбектенуде. Бұлардың бас-қасынан зейнетке шыққан Махамбет аға да қалған емес.
Аудан экономикасының дамуына өзіндік үлес қосып келе жатырған әулеттің басшысы Махамбет ағамыз бір кездері аудандық мәслихаттың депутаты болып та сайланды, елдің жағдайына да қарасты. Жасы 70-ке келген ағаның бұл еңбектері де еленіп «Ерен еңбегі үшін» медалімен және де басқа да төсбелгі, гармота, алғыс хаттармен марапатталды.
Міне, еңбек майданында 60 жылдай қызмет қылған Махамбет аға мен жары Талшын апа өздерінен тараған ұрпақтарымен бірге тынбай бейнеттеніп, сол бейнеттің зейнетін көруде. Қисыннан алып шығар қажырлы еңбектерінің арқасында еліне сыйлы болған Бермағамбетовтердің еңбекқор жанұясын – нағыз еңбек әулеті деп атауға болады.

Қайрат ЖАҚЫП

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар