6.08.2018, 9:52
Қараулар: 31
ҚАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА ӨЗ-ӨЗІНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ КАБИНЕТТЕРІ АШЫЛДЫ

ҚАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА ӨЗ-ӨЗІНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ КАБИНЕТТЕРІ АШЫЛДЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол – Честный путь» марафоны аясында «Ашық әкімдік» қағидаты негізінде 2018 жылғы 30 шілде күні Қазталов ауданының 12 ауылында өз-өзіне қызмет көрсету кабинеттері ашылды.
Өз-өзіне қызмет көрсету кабинеттерінің басты мақсаты – электрондық қызметтер алу мүмкіндіктерін кеңінен насихаттау, үйрету, қарапайым халықтың алтын уақытын, қаржысын үнемдеуге бағытталған шаралар.
Іске қосылған бұл сервис арқылы аудан орталығы мен халыққа қызмет көрсету орталығынан шалғай орналасқан (мысалы Болашақ – 90 км., Талдыапан – 75 км.) ауылдарда электрондық қызметтерді алуға мүмкіндік алып отыр. Арнайы оқытылған кеңесшілер арқылы ауыл тұрғындары арасында «электрондық үкімет» порталында әр түрлі анықтамаларды (мекен жай, соттылығы туралы, зейнетақы аударымдары), қызметтерді алу (балабақшаға кезекке қою т.б.), салық, айыппұл секілді т.б. онлайн төлемдер жасауды үйрету жұмыстары басталып кетті.
Ауылдық округ орталықтарында аталмыш сервисті 24 мыңнан астам адам (аудан халқының 80%) пайдалануға мүмкіндік алатын болады.
Мемлекеттік қызмет көрсету аясында цифрландыру жобасы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктеріне» жол ашады деген сенімдеміз.

«Ауыл айнасы» ақпарат