6.08.2018, 9:48
Қараулар: 81
«ТҰЗ АЙЫНЫҢ» УАҚЫТЫН КЕТІРІП АЛМАҢЫЗ, АҒАЙЫН!

«ТҰЗ АЙЫНЫҢ» УАҚЫТЫН КЕТІРІП АЛМАҢЫЗ, АҒАЙЫН!

Үйдегі үлкендердің аузынан, -Белімнің құяны ұстап отыр. Сорға барып түсіп келмесем бе? -деген сөздерді жиі естіп жатамыз. Сондай-ақ өз замандастарымыз арасында да сорға барып түскендеріне куә болудамыз. Ал халқымызда «Тұз айы» деген сөз бар. Бұл шілденің 15-нен тамыздың 15-не дейін адамдар сорға барып ем қабылдайтын уақыт. Кітаптардан, теледидардан көріп, естіп жүргеніміздей Ресейдің көршілес Эльтон стансасындағы тұзды аймаққа жан-жақтан адамдардың ем қабылдайтыны соншалық, тіпті эстрада жұлдыздары да осы жерге келіп, ем алады екен. Ал өзіміздің өңірде атақты Шалқар көлінің жанындағы Әлжан сорының емдік қасиеті бар балшықты «Талап» емдеу орталығы және «Ақжайық» санаториясы да пайдаланатын көрінеді. Міне бұның өзі алысқа бармай-ақ өз жерімізде де емдік қасиеті бар сорлар жеткілікті.
Ал ауданымызда қалай? Біздер бұл емдік қасиеті бар сорлардан кенде емеспіз. Әжібай ауылдық округіне қарасты «Бершімбай» соры, бүкіл аудан жұртшылығына таныс «Еділбай» соры тағы басқалары да жетіп жатыр. Осы сор балшығын пайдаланған адамдардың түрлі буын, құяң ауруларынан айығып кеткендеріне де куә болудамыз.Міне сондықтан осы бір халқымыз айтқан «Тұз айын» дәрігерлерден кеңес алып, ем қабылдауға болады ғой. Атам қазақ аурухана, емхана жоқ кезеңдерде осындай халықтық медицинаны пайдаланған жоқ па? Тұла бойыңдағы сырқатты өзінің емдік қасиетімен жойып жіберетін сорға түсудің де пайдасы бар екенін білейік, ағайын!

Жұлдыз АСҚАР

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.