6.08.2018, 9:35
Қараулар: 103
БОС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ

БОС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ

Халықтың жұмыспен қамту мәселесінің оңтайлы шешілуі үшін «Бос орын» жәрмеңкелерінің маңызы жоғары.
Осыған орай аудандық мәдениет үйінің фойесінде аудандық жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Оған 106-дан астам жұмыссыз адам қатысты. Жұмыспен қамту орталығының мәліметі бойынша қазіргі таңда ауданымызда 62 бос жұмыс орны тіркелген. Жәрмеңкеде сөз кезегін алған аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Артур Берденов сөз сөйлеп, бүгінгі жәрмеңкеге қатысушы жұмыссыз азаматтарға сәттілік тіледі.
Бұл жәрмеңкеде бос жұмыс орындарымен қатар аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының «Жастарға кеңес» бұрышы, аудандық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бөлімінің мамандары шағын кәсіп ашу үшін несие алу, кәсіптік оқыту, жастар практикасы туралы да кеңестер берді.
Жәрмеңке нәтижесінде 20 адам жастар практикасына, 33 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 25 адам тұрақты жұмысқа және 11 адам кәсіптік оқуға жолданды.

Қайрат ЖАҚЫП

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.