30.07.2018, 10:01
Қараулар: 76
«КӨКТЕРЕКТІҢ ГҮЛДЕРІН-АЙ!»

«КӨКТЕРЕКТІҢ ГҮЛДЕРІН-АЙ!»

Адам өмірі бір орында тұрмайды. Тұрмыс өресі жоғарылайды, бүгінде гүл өсіру əдетке айналды. Осы тұрғыда Көктерек орта жалпы білім беретін мектебі мен интернатта жыл сайын əр түрлі гүлдер егіледі. Мектеп директоры Қайырлы Байжанов айтуынша, мектеп ауласы мен интернатында гүлдермен безендіріліп, қажетті күтім жасалады.
Еңбек демалыстарында уақытпен санаспай, мектеп жəне интернат ауласын көп жылдан бері көркейтуге үлес қосып жүрген Ажар Кереева, мектеп жəне интернат күзетшілері Мақсот Шəмшиденов, Егор Орашев, Жұмакелді Ғатауов, Сəрсенғали Бисенов, Жасқайрат Ахметкереев апа — ағаларымыздың үлесі, еңбектері зор деуге болады.
Гүлдерді қорғау- гүлдерді аялау, əр адамның міндеті. Үлкен — кіші әрдайым таза ұстап, құрмет тұту қажет. Оны бізге қаншалықты қажет екені баршамызға мәлім.

Гүлнұр ҚАЗБЕК