30.07.2018, 9:56
Қараулар: 117
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ЖƏРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ЖƏРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

28 шілде күні орталық базарда ауыл шаруашылықты дамыту мақсатында жəрмеңке ұйымдастырылып, Қошанкөл, Қараоба округтерінің өнімі саттыққа қойылды. Жəрмеңке барысында ауылдан өнімін арқалап келген Мухсина мен Ақмарал апайларымызбен тілдескен едік.
— Сауда жақсы жүруде, май мен қаймаққа,құрт пен сүт,айранға сұраныс мол. Кейбіреулері жəй естіп, «қап,үлгірмедік…»деп жатқандары да болды,- дейді. Айта кеткен жөн «Есенгелді» шаруа қожалығының қойы да əп-сəтте саудаланып үлгірген-ді. Осылайша жәрмеңкеде өз өнімін саудалаған сатушы да, алған тұтынушы да дəн риза. Жəрмеңкеге келген халық осылай жиі ұйымдастырылса деген ниеттерін жеткізді.

«Ауыл айнасы» ақпарат

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.