27.07.2018, 11:35
Қараулар: 125
ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ӨТКІЗІЛГЕН БРИФИНГ

ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ӨТКІЗІЛГЕН БРИФИНГ

26 шілде күні аудандық жергілікті полиция қызметі өкілдерімен брифинг өткізілді. Брифингке қоғамдық ұйым және БАҚ өкілдері қатысты. Аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полиция бастығының міндетін атқарушы Бисебай Төлепов ,Қазталов ауылы учаскелік полициясы Нұркен Қалманов 6 айда атқарылған жұмыстар жөнінде айтып өтті.
6 айлық қорытынды бойынша аудан аймағында 130 СДТБТ тіркелген, аяқталғаны 119, ашылуы 91,5 пайыз. Ұрлық фактісі бойынша 54 іс тіркеліп, оның ашылуы 91,7 пайыз болса, тіркелген мал ұрлығының 23-інің 22-сі ашылып отыр. Жыл басынан бері ауданымызда «құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік» қағидасы бойынша әкімшілік құқық бұзған 987 азамат анықталған.
Алдағы уақытта Қазталов және Жалпақтал ауылдарына 8 бейнебақылау қою жоспарлары тұр. Сонымен қатар қоғамдық ұйымдарда, жеке дүкендерде бейнебақылау қажеттілігі туындап тұр. Полиция қызметкерлері бұдан басқа да атқарылған жұмыстармен құқық қорғау қызметкерлеріне қиындық туғызып отырған мәселелерге тоқталып өтті.
Құқық бұзушылықтың алдын алуда халықтың белсенділігі төмен.
«Мүлдем төзбеушілік» қағидаты бойынша кездесетін фактілерді дер кезінде тәртіп сақшыларына хабарламайды. Нәтижесінде ауылдың немесе қоғамдық орындардағы мәдениеттілікті сақтауда құқық бұзушылықтар жиі кездесіп қалуда. Әсіресе рұқсатсыз ішімдіктер сату немесе беймезгіл уақытта кәмелетке толмаған жасөспірімдердің жүрулеріне ата-аналар тарапынан жалпы тұрғындардан ықпал аз. Бір ғана мысал түнгі уақыттарда(жаз айларында) көше бойында, қалтарыстарда ішімдік ішіп отырған адамдардың әрекетін дер кезінде ішкі істер бөліміне хабарлау жеткіліксіз. Аудан орталығының барлық аймағын кезекшілердің бақылау мүмкіндігі жоқ. Осыны ескере келгенде халық көмегі қажет етілуде.  Брифингте «Нұр Отан» партиясы және қоғамдық ұйымдар атынан жергілікті полиция қызметіне сауалдар қойылып, ұсыныстар берілді. Атап айтқанда, БАҚ өкілдері және қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, жиі рейдтер жасау, оны ақпарат құралдарында жариялау, ұсақ бұзақылықтардың жолын кесу үшін түрлі тәжірбиеден өткен әдістерді пайдалану керектігі айтылды.

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.