27.07.2018, 11:28
Қараулар: 4
ТӨРТІНШІ ДЕҢГЕЙДЕГІ БЮДЖЕТТІҢ ҚАРЖЫСЫ КӨБЕЙДІ

ТӨРТІНШІ ДЕҢГЕЙДЕГІ БЮДЖЕТТІҢ ҚАРЖЫСЫ КӨБЕЙДІ

25 шілде күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс 24 сессиясы өтті.
Сессияның күн тәртібінде Қазталов аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы
№18-1 «2018-2020 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы мәселе қаралып, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Қадер Нұрғалиев хабарлама жасады. Хабарламаға қысқаша тоқталсақ, дербес бюджеті бар округтерге аудандық бюджеттен берілетін трансферттер көлемі 8 млн. 604 мың теңгеге көбейіп отыр. Соның ішінде Қазталов ауылдық округіне — 5 млн. 310 мың, Жалпақтал ауылдық округіне — 5 млн. 302 мың және Бостандық ауылдық округіне — 322 мың теңге қаражат бөлінбек.
Сессияда күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық мәслихаттың депутаттары бірауыздан қабылдады.
Сессия соңында сөз алған аудан әкімі Абат Шыныбеков округ әкімдеріне және мамандарына табыс салығынан түсетін кірістерді көбейтіп, округтерде жоспарланған істерді нақтылауға және бюджеттік комиссияға уақытылы ұсынуға тапсырма берді.

Қайрат ЖАҚЫП