27.07.2018, 11:19
Қараулар: 203
ЖАСТАР «МҮЛДЕМ ТӨЗБЕУШІЛІК» ҚАҒИДАТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ДАЙЫН

ЖАСТАР «МҮЛДЕМ ТӨЗБЕУШІЛІК» ҚАҒИДАТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ДАЙЫН

24 шілде күні «Адал жол – Честный путь» республикалық жобасы аясында «Нұр Отан» партиясының мәжіліс залында жастармен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – уақыт талабы» дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелде сөз алған аудандлық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының директоры Райымбек Нұрекешов — Өзімізге белгілі Елбасымыз Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын бекіткен болатын. Бұл стратегия – сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізі. Осы стратегияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар кешені жұртшылықтың қатысуымен жүргізілуі қажеттігі айтылған. Стратегияның мақсаты – мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету. Ең алдымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптасқан жағдайда адам адамгершілікке жат қылықтардан бойын аулақ ұстай бастайды, заңға қайшы келетін әрекеттерді жасауға жол бермейді. Осылайша әрқайсымыз өзімізден бастауымыз қажет. Сонда ғана біз бұл дертті жеңе аламыз. Ал бұған біз, жастар, бірлесе жұмыс жасауымыз қажет. «Мүлдем төзбеушілік» қағидатын бірге қалыптастыруымыз қажет! – деді өз сөзінде.
Дөңгелек үстелге қатысушы жастардың да ойы бір жерден шығып, жастар бұл дертпен күрес жолында үнемі өз жұмыстарын адал, таза атқаруға уағдаласты.

Гүлнұр ҚАЗБЕК

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.