27.07.2018, 11:07
Қараулар: 102
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ

ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ

Айбек Жаншаұлы Исламбеков аудан әкімдігі жанындағы бірыңғай конкурстық комиссияның 2018 жылғы 20 шілдедегі №55 хаттамасы негізінде аудан әкімінің 2018 жылғы 23 шілдедегі №149 өкімімен 24 шілдеден бастап Қазталов ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.
АЙБЕК ЖАНШАҰЛЫ ИСЛАМБЕКОВ
Айбек Жаншаұлы 1984 жылдың 3 қаңтарында Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданының Шыңғырлау ауылында дүниеге келген. 2005 жылы М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Заңгер» мамандығы бойынша білім алған. 2014 жылы Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы халық щаруашылығы және мемлекеттік қызмет Ресей академиясының юриспруденция магистрі.
Еңбек жолын 2004 жылдан 2009 жылға дейін Батыс Қазақстан соттар әкімшісі Шыңғырлау аудандық сотында маман, жетекші маман қызметінен бастаған, 2009-2010 жылдары Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жетекші маманы, 2010-2013 жылдары Орал қалалық маслихаты аппаратының бас маманы, 2013 жылдан күні бүгінге дейін Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар, құқық қорғау органдарымен жұмыс және жұмылдыру дайындығы, терроризмге қарсы комиссия жұмысы бөлімдерінде бас маман және мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас инспектор қызметін атқарып келді.

 

«Ауыл айнасы» ақпарат