27.07.2018, 10:43
Қараулар: 59
ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ

ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ

24 шілде күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы БҚО бойынша филиалының басшысы Райхан Ибраева мен «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ қызмет көрсету бөлімінің басшысы Әлия Кожумованың қатысуымен ҚР зейнетақы жүйесіндегі өзгерістер туралы жиналыс өтті. Жиналысқа ауылдық округ әкімдері, мекеме бөлім басшылары қатысты.
ҚР-ның зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру мақсатында БҚО-ның әкімдігі мен «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы арасында ынтымақтастық және өзара әрекеттестік туралы меморандумға қол қойылған еді. Осы меморандумға сәйкес алдағы уақытта жергілікті тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру, зейнетақы жинақтарының негізі және салымшының құрметті демалысқа шыққан кездегі тіршілігін қамтамасыз ету көзі ретінде зейнетақы жарналарының тиімділігін насихаттау бойынша бірлескен шараларды жүзеге асыру көзделуде.
Бұл мәселе туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы БҚО бойынша филиалының басшысы Райхан Ибраева жан-жақты түсіндіріп өтті. Қаралған мәселе бойынша түрлі сауалдар қойылып, оған тиісті жауаптар қайтарылды.
Гүлнұр ҚАЗБЕК