24.07.2018, 10:56
Қараулар: 75
СЫРА ІШТІ, ШӨЛМЕГІН КӨШЕГЕ ЛАҚТЫРДЫ

СЫРА ІШТІ, ШӨЛМЕГІН КӨШЕГЕ ЛАҚТЫРДЫ

14 маусым күні Р. – деген азамат Нұрсай ауылы, Т.Аубакиров көшесі № 1 үйдің жанында, жаяу жүргіншілер жүретін жолда, яғни қоғамдық жерде «Нұржанар» сырасының бос шөлмегін лақтырып, өзінің іс-әрекетімен төңірегіндегілерге сыйламаушылықты білдіріп, ұсақ бұзықылық жасаған.
Сот мәжілісінде құқық бұзушы Р. өзінің жасаған әкімшілік құқық бұзушылық іс әрекеттерін және кінәсін толығымен мойындады.
Қазталов аудандық соты Р. – ды ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған үшін кінәлі деп танып, осы баппен 1 (бір) тәулікке әкімшілік қамаққа алу туралы қаулы шығарды.Сөйтіп, ол бір күнін қамауда өткізді. (Деректер аудандық соттан алынды).
Р.S Біз соттан алынған осы бір материалды жариялай отырып, осындай келеңсіз жағдайдың тек Нұрсай ауылында ғана емес барлық ауылдарға да тән екенін айтқымыз келеді. Аудан орталығындағы саябақтарда, дүкендердің алдында, үйлердің аула-қораларының артында бос шөлмектерден аяқ алып жүргісіз болып қалады. Ал бұл бос шөлмектерді «босатып» жатқан өзіміздің замандастарымыз немесе жасы үлкен ағаларымыз. Олар айналасын сыйлайтын болса, бұндай әрекеттерге бармас еді. Бірақ,әттең, олардың бұған ар-ождандары жетпей тұр ғой…

Гүлнұр ҚАЗБЕК

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар