24.07.2018, 10:52
Қараулар: 56
ҰЛЫТАУДЫ ТАНЫТҚАН ҚАЗАҚТЫҢ ДОМБЫРАСЫ ДЕР ЕДІМ

ҰЛЫТАУДЫ ТАНЫТҚАН ҚАЗАҚТЫҢ ДОМБЫРАСЫ ДЕР ЕДІМ

» Біз өз тарихымызды білуге барымызды салып келеміз. Өткен тарихтың бір куәгері — Ұлытау жері. бұл мекенді әркім білуі тиіс» -деген еді Елбасымыз.
Ұлытау есімі ежелгі грек тарихшысы Герродоттан бастап,батыс,шығыс шежірелерінің жазбаларында ұшырасады. Ұлытау — бүкіл қазақ әлемінің тура географиялық ортасы, дәл кіндігі»- деп жазуы тегін емес. Көне дәуірінде Алаш аталған мемлекеттік орталығы Ұлытауда болған.Қазақ хандығының негізгі салған Керей мен Жәнібек хандардың қыстауы Шу бойында, жайлауы Ұлытауда болған екен. Әйгілі Әз тәуке осы Ұлытаудың басында ақ киізге көтеріліп,Үш жүздің ханы болып сайланған. «Ақтабанды шұбыранды Алақакөл сұламаға» ұшыраған киіз туырлықты қазақ жұртының басын қосып,Қаздауысты Қазыбек, Төле,Әйтеке билер басқыншы жауға қарсы күрес бастағанда ,осы Ұлытаудан өріс алған. Арғанаты тауының етегіндегі балбұлақтың басында Үш жүздің көсемдері кеңес өткізіп, елді бәтуә, бірлікке шақырып, азаттық жолындағы майданды бастаған. осындағы таңбалы таста алты алты алаштың рулары таңбасын түсіріп, берекелі ел болуға ант берген. Сондықтан Ұлытауды Үш жүздің басын қосқан қасиетті мекен деп айтамыз.
Енді осындай үш жүздің басын қосқан киелі жерді әлемге қалай танытып жүрміз? Мен айтар едім. Ұлытауды танытып жүрген Қыдырәлі Болманов құрған «Ұлытау» тобы. Бұл өнер тобы қай елге болмасын астамшылықпен қарайтын америкалықтарды таңқалдыра білді. 2001 жылы Голливудта өткен Бүкіләлемдік музыка орындаушыларының чемпионатында Бас жүлдені жеңіп алды. Түрлі аспаптармен бірге қазақтың қара домбырасы өнер көрсетті. Алпауыт елдің аспанында қазақтың күйі қалықтады. Өзіміздің өңірімізден шыққан «Жұмыр-Қылыш» күйі орындалды. Ағылшындар тілі келмесе де -Браво! Браво!Ұлытау! -деп қол соқты.
Міне қасиетті өнердің арқасында кең жазиралы қазағымның басын біріктірген Ұлытау Америкада да айтылды. Ал осындай елімізді насихаттауда өнер, соның ішінде домбыраның да үлесі зор. Осыны біле білген Елбасымыз күні кеше ғана шілденің бірінші жексенбісін «Ұлттық домбыра» күні деп атады. Ауданымызда да бұл істер жалғасуда. Оны өткенде де жазып жүрмін, алдағы уақытта да жазылатын болады.

Әсемгүл ЖҰМАБАЕВА,
«Нағыз қазақ – домбыра» айдарын жүргізуші