24.07.2018, 10:50
Қараулар: 161
ПАЛУАНДАР ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

ПАЛУАНДАР ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

21 шілде күні Орал қаласында Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру мақсатында және «Спорт-нашақорлыққа қарсы күрес» ұранымен қазақ күресінен 2006-2007 жылы туылғандар мен 2009-2010 жылы туылған жасөспірімдер мен кадеттер арасында қалалық ашық турнир өтті. Ауданымыздан жасөспірімдер қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, Елгезек Жасталап пен Ершат Омарғали 26 келі салмақ дәрежесінде, Ербақыт Батырғали 23 келіде және Мейрамбек Батырбек бауырымыз 29 салмақ дәрежесінде 3 орынды иеленіп отыр. Жас палуандарды күреске баулып жүрген жаттықтырушы Орақ Хабибуллиннің еңбегі зор. Ал жаттықтырушы Ерасыл Фатиховтың оқушылары Ұлан Жасенов 35 келі салмақ дәрежесінде 2 орынды алса, Ескендір Қайыржанов 38 салмақ дәрежесінде 1 орынды иемденіп, ауданымыздың атын тағы бір белеске көтерді.
Ауданымыздың атын шығарып жатқан жас палуандардың алар асуы мол, бағындырар белесі көп болсын дейміз.

Жұлдыз АСҚАР

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.