24.07.2018, 10:28
Қараулар: 105
ГҮЛ ӨСІРУ – ТЕМІРБОЛАТ АҒАНЫҢ СҮЙІКТІ ІСІ

ГҮЛ ӨСІРУ – ТЕМІРБОЛАТ АҒАНЫҢ СҮЙІКТІ ІСІ

«Отан отбасынан басталатынындай» туған жерін гүлдендіру адамның өз үйінің айналасын ажарландырудан басталады. Үйінің ауласын хош иісті әр түрлі гүлдермен безендіріп, туған жерін көркейтуге үлес қосып жүрген ауылымыздың тұрғыны, зейнеткер Темірболат Нұғманов ағамыз өзгелерге үлгі боларлықтай. Неге дейсіздер ғой? Темірболат ағаның үйіне бара қалсаңыз, ауладағы әсем гүлдерге бірден көзіңіз түседі. Гүл — әсемдіктің, сұлулықтың белгісі ғой. Ал сол әдемілікке жаны құмар зейнеткер үйінің ауласын гүлзарлы саябаққа айналдырмаса да гүлді ерекше күтіп, баптағанды әуел бастан-ақ ұнатады екен. Темірболат ағаның айтуынша, отбасы мүшелерінің барлығы ауладағы гүлдерге үнемі қажетті күтім жасап, оларға ерекше қамқорлықпен қарайды. Күніне кем дегенде бір-екі рет суарып тұрады. Әзірге раушан, райхан гүлдерін өсірсе, алдағы уақытта өзге де гүлдерді өсіруді жоспарлауда. Гүл өсіру менің сүйікті ісіме айналды десе де болады. Адамдар ерінбей еңбек етсе ғана, айнала әдемі көріністерге бөленіп, адамның жанына ерекше көңіл-күй орнайды, -дейді Темірболат аға.
Оның алыстан әсемдігімен көзге түсетін көрікті ауласына барлық ауылдастары әрқашан қызыға қарайды. Ауласындағы әрбір ашылған гүл оның көңілін қуанышқа толтырады екен.
Міне, табиғатты жаны сүйіп, жан-дүниесі әрбір әдемі гүлден нәр алатын Темірболат аға барша ауылдастарын тамаша табиғатты аялауға, қоршаған ортаны таза ұстауға шақырады.

Әсем БОЛАТ

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.