24.07.2018, 10:24
Қараулар: 22
ӘЖІБАЙДА ФАП ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ (ПЕРЗЕНТТЕРДІҢ ТУҒАН АУЫЛДАРЫНА ТАРТУЫ)

ӘЖІБАЙДА ФАП ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ (ПЕРЗЕНТТЕРДІҢ ТУҒАН АУЫЛДАРЫНА ТАРТУЫ)

Былтырғы жылы Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Бірік ауылдық округінде «Жерлестер форумы» өткізілген болатын. Туған жерде бас қосқан төл перзенттер туған ауылдарына қолдарынан келгенше көмек беретіндіктерін айтқан болатын. Солардың қатарында облысымызда еңбек етіп жүрген ағайынды Сыралиевтердің отбасын атап айтуға болады. Ағайынды жігіттер былтырғы уәделеріне тұрып, округ орталығында фелдшерлік-акушерлік пунктінің құрылысын бастайтын болып шешкен еді. Енді, міне сол уәде орындалып, 21 шілде күні Әжібай ауылында осы нысанның алғашқы кірпіші қаланды.
Бұл қуанышты оқиға орын алған күні құрылыс басына аудан әкімі Абат Шыныбеков келіп, іргетасы қаланып жатырған нысанды аралап көрді. Аудан әкімі өз қаражаттарына құрылыс салып жатырған ағайынды Сыралиевтердің үлкені Асқармен кездесіп, құрылыс жұмыстары туралы сөйлесті.
Айта кетуіміз керек, бұл құрылыс нысанының жобалық құны 15 млн. теңгені құрап отыр.

Қайрат ЖАҚЫП

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар