24.07.2018, 10:21
Қараулар: 133
ШЕКАРА МӘСЕЛЕСІ ТУРАЛЫ ЖИЫН ӨТТІ

ШЕКАРА МӘСЕЛЕСІ ТУРАЛЫ ЖИЫН ӨТТІ

19 шілде Қазталов ауылдық әкімдігінде көші –қон қызмет тобының аға инспекторы,полиция капитаны Балуан Жайнов, шекара қызметі бөлім басшысы майор Бақытжан Шаденов, Жәнібек аудандық ҰҚК бөлім басшысы,майор Иденов Бауыржан тұрғындарға «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы » заңына сәйкес шекара қызметі туралы түсінік беру жұмыстарын жүргізді.
Күн тәртібінде шекара қызметі туралы заң, шекаралық белдеуде орналасқан елді мекендердің шекара мәселесі,заңсыз шекараны кесіп өтпеу, шекарадан малдың өтіп кетпеуін қадағалап, қажетті рұқсат қағаздары мен жеке куәліктерін өздерімен бірге алып жүруі туралы мәселелерді қарады. Сонымен қатар шекарадағы қаіпсіздікті сақтау үшін және осы елді-мекеннің қаіпсіздігі үшін жергілікті тұрғындардың қыралығы аса қажет екенін және жергілікті шекарашыларға көмектесу қажет екені тілге тиек етілді.
Жиын соңында ауыл тұрғындарына шекара заңдылықтары мен талаптарын сақтау мақсатында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» заң талаптарын бұзбауға шақырды. Жиын барысында ауыл тұрғындары шекара мәселесіне қатысты қойған сұрақтарына толық жауап алып, шекара қызметінен келген өкілдерге ризашылықтарын білдірді.

Гүлнұр ҚАЗБЕК

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.