24.07.2018, 10:15
Қараулар: 130
ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫЛДЫРҒАН «ЖАСЫЛ ЕЛ»

ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫЛДЫРҒАН «ЖАСЫЛ ЕЛ»

«Жасыл ел» бағдарламасы жақсы бастама ретінде бүгінгі күнге дейін өз мақсатынан тайған емес. Қаншама студенттерiмiз бос уақытын тиiмдi өткiзе отырып, туған жерлеріне қызмет жасауда. Бiр жағынан елiмiздi гүлдендiруге, көгалдандыруға атсалысса, екiншiден әрбiр жас өзiнiң бос уақытын игі іске жаратып жатқаны қуантарлық жәйт болып отыр.
Осы орайда ауданымызда «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жұмысы жанданып келеді. Бір ғана мысал, биылғы жыл жарқын жоба қолға алынғаннан бастап Қазталов, Жалпақтал ауылдарында 20 студент жасағы жұмыспен қамтылып, бірнеше саябақтар мен тоғандар тазартылуда. «Жасыл ел» еңбек жасағының сарбазы Бинұр Рахметова, -Мен «Жасыл ел» бағдарламасына қатысып отырғаныма биыл екінші жыл. Былтырғыға қарағанда биыл өзгерістер көп. Жылдағыдан қарағанда жастардың жұмысқа деген құлшынысы өте жоғары, -деді.
-Болашақта «Жасыл ел» еңбек жасақтарының құрамында белсенділік танытқан жастарды көтермелеу, еңбекқорлыққа шақыру бағытында ауданның белсенді жастарымен басқа да жұмыстар жүргізуді жоспарлаудамыз, -дейді жастар ресурстық орталығының басшысы Райымбек Нұрекешов.
Сондықтан да болашағы бар «Жасыл елдіктердің» мерейі жасай берсiн! дей келе, еліміздің көркеюі мен гүлденуіне үлестерін қосып жүрген жігерлі де ынталы жастарымыздың еңбектері жемісті боларына сенеміз.

Жұлдыз АСҚАР

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.