24.07.2018, 10:12
Қараулар: 58
КӘСІП ИЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

КӘСІП ИЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

20 шілде күні Қазталов ауданы әкімінің орынбасары Нұретден Құтхожиннің төрағалық етуімен «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы саласындағы несиелендіру мәселелерін түсіндіру, талқылау жұмыстарын жүргізу аясында аудан шаруа қожалықтарының жетекшілерімен, кәсіпкерлермен кездесу өткізді.
Кездесуге «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ БҚО филилалының маманы Әдиет Орашев, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ БҚО филиалының маманы Талап Бисенбаев қатысып, ауыл шаруашылығы саласындағы несиелендіру мәселелерін түсіндіру, талқылау жұмыстарын жүргізді.
Кездесуге қатысқан Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы СерікболАяпов, -Жұмыспен қамту және еңбекақы төлеу, адами капитал сапасын арттыру саясатын жаңғырту, кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау, әлеуметтік қолдаудың атаулылығын қамтамасыз ету «Қазақстан – 2050» Стратегиясына және Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес даму басымдықтары ретінде айқындалған. Осыған байланысты «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптік біліктілікті және дағдыларды меңгерудің тиімді жүйесін, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдауды қоса алғанда, еңбек делдалдығының тиімді моделін құруға бағытталған, -деді өз сөзінде.
Кездесуге қатысқан шаруа қожалықтары жетекшілері мен кәсіпкерлер сұрақтар қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Гүлнұр ҚАЗБЕК