19.07.2018, 11:16
Қараулар: 81
СТУДЕНТТЕР БАС ҚОСЫП, ЖОСПАРЛАРЫМЕН БӨЛІСТІ

СТУДЕНТТЕР БАС ҚОСЫП, ЖОСПАРЛАРЫМЕН БӨЛІСТІ

17 шілде күні «Рухани жаңғыру» кеңсесінде аудан жастарының ұйымдастыруымен «Асулардан асады жастар əлі, зор болашақ бүгіннен басталады» тақырыбында студенттермен кездесу өтті. Кездесуде Қазақстанның əр оқу орнында білім алып жатырған студенттер қатысты. Орталыққа бас сұққан студенттерге «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің маманы Айбек Көшеғалиев Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауданда атқарылған жұмыстарды таныстырды. Кездесу барысында Астананың құрдасы, Астана медицина университетінің студенті Анджелика Сəбитовамен «Сыр сұхбат» ретінде жүргізілді. Астананың түлегі Анджелика арман қала Астананың түлегі болғанын мақтанышпен айтып, сол жердегі болашақ жоспарларымен бөлісті. Шарада басқа да оқу орынның студенттері болашақта жастар саясатын көтеру аясында жастармен бірге жұмыстануға дайын екендіктерін білдіріп, тың идеяларын ортаға салды. Кездесу соңында Алматы техникалык университетінің студенті Руслан Науханов: -Мен ауылымды сағынып келгенде өзімнің замандастарыммен кездесіп, осындай кездесуде отырғаныма қуаныштымын. Бұрын мектептерде бас қосадық едік. Қазір міне «Рухани жаңғыру» кеңсесіндегі ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртқан көптеген дүниелерді тамашалап, рухани азық алып отырмыз. Бүгін сіздермен бірге біраз жоспарлар құрып, еркін əңгімелестік. Болашақта ауылда келген студенттердің, басқа да жастардың басын қосатын орындар ашылса деген ұсынысым бар, -деді.
Иə, кездесуде студенттер аудандағы жастар саясатының дамуына өз үлестерін қосатынын айта келіп, əр аптада екі рет бас қосып кездесетіндерін жеткізді.