19.07.2018, 11:00
Қараулар: 55
«АДАЛ ЖОЛ – ЧЕСТНЫЙ ПУТЬ» МАРАФОН АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДЕ ЖАЛҒАСУДА

«АДАЛ ЖОЛ – ЧЕСТНЫЙ ПУТЬ» МАРАФОН АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДЕ ЖАЛҒАСУДА

Өткен аптада ауданымызда басталған «Адал жол –честный путь» жобасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон ауылдық округтерде жалғасын табуда. Марафон шағын футболдан жолдастық кездесу түрінде өтуде. Осыған орай 14 шілде күні Қошанкөл ауылдық округі 3 командадан жолдастық кездесу ұйымдастырып, эстафетаны Тереңкөл ауылдық округіне табыстады. Жолдастық кездесу тартысты әрі қызықты өтті.
Естеріңізге салайық, өткен аптада «Адал жол – Честный путь» жобасы аясында аудан орталығындағы мекемелер өз арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы эстафетаны өткізген болатын.

Гүлнұр ҚАЗБЕК

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар