19.07.2018, 10:51
Қараулар: 170
«АШЫҚ ӘКІМДІК» ӨТТІ

«АШЫҚ ӘКІМДІК» ӨТТІ

16 шілде күні аудандық мәдениет үйінде аудан әкімінің және салалық мекеме басшыларының «АШЫҚ ӘКІМДІК» атты ашық есік күндері аясында аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдауы өтті. Қабылдауда тұрғындар зиратты қоршау, ауыз судың берілуі мен М.Әуезов көшесіне техникалық су өткізу жөнінде , сонымен қатар тұрғын үй мәселі мен жұмыс жәйінда өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойды. Аталмыш сұрақтарға аудан әкімі мен салалық мекеме басшылары тиісті жауаптар қайтарып, айтылған мәселелер назарда болатынын айтты.

17 шілде күні «ашық әкімдік» қабылдау күні Жалпақтал ауылында өтті.
«Ашық әкімдікке» аудан әкімі Абат Шыныбеков, аудан прокуроры Нұрлыбек Мұсағалиев және салалық мекеме басшылары қатысып, ауыл тұрғындарын қабылдады.
«Ашық әкімдікке» келген тұрғындар негізінен ауызсу, тұрғын үй және жұмысқа орналасу сияқты мәселелерін ортаға салып, тиісті жауаптарын алды.
Сонымен қатар аудан әкімі Абат Шыныбеков пен аудан прокуроры Нұрлыбек Мұсағалиев тұрғындарды жекелей сұрақтарымен де қабылдап, олардың ұсыныс-пікірлерін де тыңдады.
Жалпақтал ауылында өткен «ашық әкімдікке» 30 шақты ауыл тұрғыны қатысып, өздерін мазалап жүрген мәселелерін ортаға салды.

Гүлнұр ҚАЗБЕК

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.