19.07.2018, 10:28
Қараулар: 58
ОРАЛДЫҚ ОҚЫРМАНДАР РАХМЕТ АЙТАДЫ

ОРАЛДЫҚ ОҚЫРМАНДАР РАХМЕТ АЙТАДЫ

Шындығы керек, мерзімді баспасөзге жазылудың екінші жарты жылдығында қиындықтар кездесіп қалып жатады. Оның да өзіндік себептері бар. Түрлі науқандық жұмыстар, адамдардың демалысқа кетуі және тағы басқа да жағдайлар… Дегенмен баспасөз әрбір шаңыраққа жетуі тиіс. Бұл орайда «Егемен Қазақстан» , «Орал өңірі», «Приуралье» және «Ауыл айнасы» газеттері ел жаңалығын жеткізетін бірден-бір басылымдар. Осы басылымдардың ауданда таралымы өсуі жолында аудандық ішкі саясат бөлімі көп жұмыстар атқаруда. Аудан әкімі Абат Абайұлы «Ауыл айнасы» газетін қазіргі күнде Орал қаласында тұратын жерлестеріміздің де алдырып оқуына мүмкіндік болу үшін аудан кәсіпкерлерінің қолдауын сұраған еді. Нәтижесінде кәсіпкерлер Райхан Қажымова, Гүлнәр Тайгаренова, Дәрмен Қадеров, Жасұлан Байғонақов, Айнагүл Қабдоловалар Орал қаласындағы 20 жерлесімізді «Ауыл айнасы» газетіне жаздыртты. Олардың ішінде бұрын ауданымыздың дамуына үлес қосқан азаматтар бар.
Сондықтан осындай қолдау көрсеткендері үшін Абат Абайұлына және кәсіпкерлерге оралдық жерлестеріміз атынан рахмет айтып, жұмыстарына табыстар тілейміз!

Қайрат ЖАҚЫП