19.07.2018, 10:12
Қараулар: 60
КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

12 шілде күні сыбайлас жемқорлық қарсы күрес мәселелері жөніндегі аудандық комиссия отырысы өтті.
Аудан әкімі Абат Шыныбековтың төрағалық етуімен өткен комиссия отырысына комиссия мүшелері, бөлім басшылары, округ әкімдері, қоғамдық ұйым өкілдері қатысып, күн тәртібіндегі денсаулық сақтау жүйесінде сыбайлас жемқорлықтын алдын алу және болдырмау жөніндегі жүргізілген жұмыстары мен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-әрекеттердің орындалуы туралы мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар аудан әкімінің төрағалық етуімен құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті. Күн тәртібінде уәкілетті және құқық қорғау органдарының бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды бейімдеу және оңалту жөніндегі қабылданған шаралар және құқық қорғау және атқарушы органдардың бөтеннің мүлкін ұрлау қылмысының алдын алу, оған қарсы күрес бойынша жүзеге асырылған шаралар туралы мәселелерді қарады. Сондай-ақ комиссия отырысы барысында құқық бұзушылықтар, құқық бұзушылықты хабарлау және қоғамдағы қылмыстардың алдын алу саласындағы өзекті мәселеле р кеңінен талқыланды. Округ аумағындағы мәселелерді шешу барысында құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік қағидасы мен тұрғындардың жауапкершілігі маңызды рөл атқаратындығы атап өтілді.
Барлығымыздың отбасында, көшеде, ұжымда құқықтық тәртіпті сақтауымыз қоғамда заңдылықтың сақталуына оң өзгеріс әкеліп, оның ішінде біздің округте тұтастай алғанда қазақ елінің дамуына қажетті жағдайлар туғызатындығы сөзсіз.

Гүлнұр ҚАЗБЕК

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар