11.07.2018, 11:21
Қараулар: 70
АҚЖАЙЫҚТАҒЫ АУМАҚТЫҚ СЕМИНАР

АҚЖАЙЫҚТАҒЫ АУМАҚТЫҚ СЕМИНАР

Бүгін Ақжайық ауданында БҚО Қазақстан Халқы Ассамблеясының аумақтық семинары өтті. Семинарға Ақжайық, Қазталов ауданы әкімдерінің орынбасары, ішкі саясат бөлімдері, қоғамдық келісім кеңестерінің төрағалары, этномәдени бірлестіктер құрамы, медиаторлар, ақсақалдар, аналар, жастар кеңестері қатысты. Семинарда Ақжайық ауданының әкімі Әділ Жоламанов ауданда қоғамдық келісім кеңестері бойынша атқарылып жатырған жұмыстарға тоқталды.
Осы орайда БҚО Қазақстан Халқы Ассамблеясының төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов, — Қоғамдық келісім кеңестерін жаңа белестерге көтеріп, жұмыстарын әрі қарай дамытуымыз қажет. Сол себептен де бүгінгі семинарды да практикалық тәжірибе алмасу бағытында өткізіп отырмыз. Облыстық қоғамдық келісім кеңесінің құрамында 54 адам бар. Бұл кеңестің құрамында бар адамдар ауылдағы саяси-ахуалға талдау жасап, қандай да болмасын мәселелердің оң шешімін тауып отыруы қажет. Яғни, елдің бірлігін ұйымдастырып, қадағалап отыратын идеялогиялық жұмыс болып табылады, — деді. Сонымен қатар семинарда БҚО әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Жамал Ихсанова қоғамдық келісім кеңесінің жұмысы туралы баяндаса, БҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің медиаторы Алуа Ғилыманқызы медиация жөнінде, ал облысымыздағы ғылыми-сараптамалық топтың жұмысы туралы Асия Төлеубайқызы айтып өтті. Семинарда Қазақстан халқы ассамблеясының «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының бастау алғаны туралы да айтылып, жастарды жаңа қырынан танытуға және жаңа жобалар ұсынуға шақырды. Семинарда Жалпақтал ауылдық округінің қоғамдық медиаторы Жамбыл Нұғманов қоғамдық кеңестің жұмысын жандандырып, халыққа тиімді болуы үшін тек газет бетінде ғана емес, теледидардан тікелей эфирде ашық пікір алаңы ұйымдастырылса екен деген ұсынысын білдірді. Семинарға қатысушылар сұрақтар қойып, ой-пікірлерін ортаға салды.

Жұлдыз АСҚАР