11.07.2018, 11:17
Қараулар: 1
ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

10 шілде күні «Нұр Отан» партиясы Қазталов аудандық филиалының төрағасы Абат Шыныбеков аудан тұрғындарын қабылдады.
Қабылдауға 8 тұрғын тіркеліп, олар тұрақты жұмысқа орналасу, тұрғын үй алу сұрақтарын қойды. Қабылдау кезінде аудан әкімі жоғарыда көтерілген мәселелер бойынша, — Біз тұрғын үйді кезегімен береміз. Келер жылы тұрғын үйлер салынбақшы. Ең алдымен кезекте тұрған тұрғандарды қамтамасыз етеміз. Кезектен тыс үйлер берілмейді. Ал тұрақты жұмыс туралы айтсақ, жұмыс алдымен мамандықты қажет етеді. Сондықтан біздер кәсіптік білім беруді қолға алып отырмыз. Кәсіптік білім алған соң жұмысқа жіберілетін болады. Жұмыс қай жақтан табылса да азаматтар баруы қажет,- деді. Тұрғындардың көтерген мәселелері тиісті заңдылық талаптарға сай шешімін табатын болады.

Гүлнұр ҚАЗБЕК

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар