11.07.2018, 11:12
Қараулар: 101
ОБЛЫСТЫҚ «КҮМІС ШАБАҚ – 2018» ЖАС ВЕЛОСИПЕДШІЛЕР САЙЫСЫ АУДАНЫМЫЗДА ӨТУДЕ

ОБЛЫСТЫҚ «КҮМІС ШАБАҚ – 2018» ЖАС ВЕЛОСИПЕДШІЛЕР САЙЫСЫ АУДАНЫМЫЗДА ӨТУДЕ

9 шілде күні Қазталов ауданында облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының ұйымдастыруымен Астана қаласына 20 жыл толуына орай ұйымдастырылған велосипед туризмі техникасынан облыстық «Күміс шабақ – 2018» жарысы өз жалауын көтерді .
Туризм – мемлекет жарнамасы. Соның ішінде балалар жасөспірімдер туризмі – ішкі туризм мен туристік мәдениетке тәрбиелеудің негізі болып табылады. Балалық шақтан бастап түрлі туризм түрлерімен айналысу – бала бойындағы азаматтылықты, ұлтжандылықты, мейірімділікті туристік мәдениет арқылы көрсетуге мүмкіндік береді.
Ал бүгінде ауданымызда өтіп жатқан оқушылар арасындағы велосипед туризмін, Елбасының ішкі туризмді дамыту жөніндегі салуатты өмір салтын насихаттау мақсатындағы облыстық «Күміс шабақ – 2018» велосипедшілер сайысына 9 аудан командасы қатысуда. Атап айтсақ, Ақжайық, Бөкей Ордасы, Бөрлі, Жәнібек, Зеленов, Қазталов, Қаратөбе және Тасқала мен Орал қаласының командалары.
Сондай-ақ, веложорық қатысушылардың туристік шеберліктерін жетілдіру және веложорық қауіпсіздігін арттыру міндеттерін көздеуде.Үш күнге созылатын жарыс 3 кезең бойынша қатысушылардың жылдамдықтары мен ептіліктерін сынға салатын болады. Облыстық «Күміс шабақ – 2018» велосипед туризмі техникасы жарысы «Мәнерлеп жүру», «Триал», «Велобағдарлау» қашықтығынан өту кезеңдерін қамтиды.
Облыстық жарыстың ашылу салтанатында алғашқы сөз кезегін алған аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова жарысқа қатысушыларға жылы лебіздерін білдіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Содан соң педагогика ғылымдарының кандидаты, облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директоры Виктор Фомин сөз сөйлеп, аталмыш жарыстың оқушылар арасында достық қарым-қатынасты нығайтатындығына сенім білдірді.

Гүлнұр ҚАЗБЕК

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар