11.07.2018, 11:09
Қараулар: 98
ШАБЫНДЫҚТА – ШАЛҒЫ СЫРЫЛЫ

ШАБЫНДЫҚТА – ШАЛҒЫ СЫРЫЛЫ


«Қыстың қамын жазда ойла» деген қазақ мәтелі бекерге айтылмаса керек. Ауданымызда шөп шабу науқаны басталып та кетті. Бұл мүмкіндікті мүлт жібермеуді көздеген шаруалар бүгінде еңбек майданының бел ортасында. Осы мақсатта біз Қараөзен ауылдық округіне қарасты «Дастан» шаруа қожалығының жетекшісі Тұрарбек Татпановтың шаруашылығында болған едік.
Шөп шабу науқаны басталысымен аудандағы барлық округтер шаруагерлеріне өздеріне тиесілі жерлерін белгілеп, шабындыққа шалғы түсірді. Біз аралаған Тұрабек Татпанов шапқан шөптерін жинап, қыстақ орындарына тасып алу қамында екен. Ал, енді бірі пішенін саттыққа шығаруға дайындап жатты. Таңмен таласа тұрып, ерте еңбекке араласатын пішеншілер жұмысы оңай емес. Қожалық жектшісінің айтуынша, қазір бригадада үш адам екі трактормен жұмыс жасауда. Өрт қауіпсіздігін сақтай отырып, мол өнім алуды көздеген бұл қожалық артылған шөпті саттыққа да шығармақшы.
Шабындықта – шалғы сырылы басталып, мал азығын дайындау барысында басты қаперге алатыны – қауіпсіздік. Өткен жылдары қауіпсіздікке салғырт қарау салдарынан дала өрті өршіп, шабындық жермен қоса адам өлімі мен біраз малдар отқа оранған болатын. Біз аралаған қожалықта шөп шабу техникалары қызу жұмыс үстінде екен. Тракторшылар өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында өрт сөндіргіш құрал, киіз, сапалақ, күрек секілді керек-жарақтарын өздерімен бірге алып жүр.
-Маңдай термен келген еңбектің қызығын көремін деген шақта шапқан шөп пен техниканы «тілсіз жау» жалмап кетсе, кім-кімге де оңай тимесі анық. Сондықтан, әр шаруагер еңбегі еш кетпеуі үшін қауіпсіздікті қатаң сақтағаны абзал. Таңмен ерте тұрып, күннің ыссылығында демалып, кешкі салқынмен жұмыстар атқарып лтырмыз. Бүгінде бес адамды жұмыспен қамтып, биыл 2000 рулон жиануды жөн көріп отырмыз. Қыстағы табиғаттың тосын мінезіне дайын болуымыз қажет,-дейді бізбен әңгімелескен «Дастан» шаруа қожалығының жетекшісі.

Аман ЕСЕН

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.