11.07.2018, 11:06
Қараулар: 63
ЖОЛАУШЫЛАР ДƏМ ТАТСА, ШАРШАМАЙ ЖЕТЕРІ СӨЗСІЗ

ЖОЛАУШЫЛАР ДƏМ ТАТСА, ШАРШАМАЙ ЖЕТЕРІ СӨЗСІЗ

Аудан орталығындағы кәсіпкер Мәншүк Малаеваның халыққа қызмет жасайтын дүкендерін жұртшылық жақсы біледі. Əсіресе, оның дүкені жыл бойына тұрғындарды ет өнімдерімен қамтамасыз етуде үзіліс болып көрген жоқ. Сондықтан да тұтынушылар Мәншүкке риза. Дүкенде ет өнімдерінен дайындалған қуырдақ, қазы, кептірілген құйрық майлары тағы басқа да өнімдер жеткілікті. Мəншүктің Шайханасы да адамдарға сапалы қызмет жасауда. Қазіргі жаздың аптап ыстығында сусынның барлық түрі тұр. Сонымен қатар ыссы, қою шай мен жаңадан пісірілген бауырсақ та жолаушыларға дəмді мəзір болуда. Мəншүк: — Енді жолаушыларға салқын көже(қамыран) əзірлеуді қолға алайын деп отырмын. Себебі ұлтымыздың сүттен жасалған көжесі адам денсаулығына пайдалы əрі таптырмас сусын,-дейді.
Міне, жаз айында жолаушылап келген жолаушылар осындай салқын шайханадан дəм татса, баратын жерлеріне шаршамай жетері сөзсіз.

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ