11.07.2018, 11:04
Қараулар: 46
ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМДІ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМДІ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Қазіргі таңда әлемдегі ең өзекті мәселенің бірі – діни экстремизм мен терроризм қаупі екендігі көпшілікке аян. Ғаламдық бұл қауіп-қатер қоғамға саяси, экономикалық, моралдық шығындар әкеліп, үрей тудыруда. Әсіресе, терроризм қаупі XX ғасырдың 60-жылдарынан бастап күшейе түсті. Әлемнің көптеген аймақтарында экстремистік топтар мен ұйымдар қанқұйлы терактілер жасау арқылы өз мақсаттарына қол жеткізгісі келді. Бүгінгі күні жаһанда 500-дей экстремистік ұйымдардың бар екені белгілі болып отыр.
Осы тұста 5 шілде күні аудандық орталықтандырылған кітапханада Қазталов аудандық ішкі саясат бөлімі және аудандық пробация қызметінің инспекторы Салауат Байдоллин, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев пен теолог маман Есбол Сақауовтың бірлесуімен пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалармен терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Кездесу барысында дәстүрлі және дәстүрлі емес діндер арасындағы айырмашылықтар, деструктивті діни ағымдардың теріс әсері, қоғамда дәстүрлі конфессиялардың маңыздылығы жайлы мәселелер талқыланды. Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша бейнекөрініс көрсетілді.
Діни тұрғыдан алғанда әркімнің өз халқының дәстүрлерін біліп, сақтап, құрметтегені абзал. Біздің қазақи көшпенді мәдениетіміз басқа мәдениеттерден көп қырлылығымен және біртұтастығымен ерекшеленеді. Бұл дегеніміз, біздің ата-бабаларымыздың дін мәселелерінде ақ-қараны айыра білсе де, дінді арнайы салаға немесе өмірдің міндетті бөлігіне айналдырмағанын аңғартады.

Гүлнұр ҚАЗБЕК

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар