11.07.2018, 11:00
Қараулар: 122
САРЫАРҚАНЫҢ ТӨСІНЕН БОЙ КӨТЕРГЕН АСТАНА ЕЛІМІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫ

САРЫАРҚАНЫҢ ТӨСІНЕН БОЙ КӨТЕРГЕН АСТАНА ЕЛІМІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫ

Бүгінде әлемдік қауымдастық үшін Қазақстан мен Астана атаулары егіз ұғымға айналып кетті. Бұл ұғым қарыштап даму мен өрісті өркендеудің өнегелі үлгісі ретінде орнықты. Біздер, Қазақстандықтар, Астананы асқақтату арқылы дүние жүзінде өзімізді – келешегі кемел, әлеуеті қуатты мемлекет екенімізді таныттық. Сарыарқа төсінен бой көтерген Астана бүгінде еліміздің мақтанышына, даламыздың көркіне айналып отыр.
5 шілде күні аудандық мәдениет үйінде мерейлі Астанамыздың 20 жылдық мерекесіне орай «Елімнің жүрегі – Астана» атты салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиында аудан әкімі Абат Шыныбеков Астананың 20 жылдық мерекесіне орай баяндама жасады. Мерекелік салтанатта «Астанаға 20 жыл» мерекелік медалімен Қайыңды орта жалпы білім беретін мектебінің директоры Серікжан Сүлейменов, сонымен қатар ұлттық бірыңғай тестте ең жоғары балл(30) жинаған Қоңыс мектебінің түлегі Дәулет Сеғуатов, Астананың құрдасы, БҚМУ-дың студенті Наргиза Исқалиева және 1998 жылы өз кәсібін ашып, шаруасын дөңгелеткен Гүлнар Тайгаринова мен «Қайнар» шаруа қожалығының жетекшісі Махамбет Бермағанбетов пен күні кеше облыс орталығында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өткен спорттық сайыста жүлделі орындарға ие болғандар аудан әкімінің алғысхатымен марапатталды. Салтанатқа жиналған жұртшылықты аудандық қоғамдық келісім төрағасы Тауфих Мұқанов және бостандықтық марафоншылар Мержан Серіков, Еділжан Қосболов пен Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің студенті, Астананың құрдасы Айбарша Айболатова құттықтады.
Салтанаттың соңы аудан көркемөнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.

Гүлнұр ҚАЗБЕК

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.